Баянбаева Жадыра Амангелдіқызы 1971 жылы Алматы қаласында туылған. Филология ғылымдарының кандидаты. 1993 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бітірді. 1994 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін әл-Фараби атындағы университеттің филология факультетінде қызмет етіп келеді. 2000-2002 жылдары осы университеттің қазақ әдебиеті кафедрасында оқытушы қызметінде жұмыс істеді. 2003 жылдан 2009 жылдың қыркүйегіне дейін әдебиет теориясы және фольклористика кафедрасында аға оқытушы қызметін атқарды. 2010 жылдың 1 сәуірінен бастап Академиялық мәселелер жөніндегі Департаментінің Білім беру стандарттары мен бағдарламалар бөлімінде жоғары дәрежелі әдіскері, 2011 жылдың 1 қыркүйегінен бері орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, доцент м.а. және кафедра меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. Ж. Баянбаеваның 12-жылдық және жалпыға орта білім беретін орыс мектептерінің 2, 3, 4 сыныптарына арналған «Литературное чтение» атты оқулықтары «Атамұра» баспасынан 2005-2022 жылдары жарық көрді. Сондай-ақ «Риторика», «Триединство языков», «Типология нвррватива русской классической прозы XIX столетия» т.б. оқу құралдарының және ұжымдық монографиялардың авторы. Scopus ((h-index – 2), web of science шетелдік журналдарында 8 мақаласы жарияланған. Баянбаева Ж. 2007-2009 жж. филология факультетінің әдістемелік кеңесін басқарды. Осы кезеңде факультет оқытушы-профессорларының еңбектерін сараптамадан өткізіп баспаға ұсыну, электив пәндердің қаталогын жасау, стандарттар мен типтік бағдарламаларды дайындау жұмыстарын ұйымдастыруға қатысты. «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Филология», «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандықтарына арналған оқу жоспарларын жасады. Баянбаева Ж.А. 2020-2021 оқу жылында Филология факультетінің оқу және тәрбие жөніндегі деканның орынбасары болып жұмыс жасады. 2021 жыдан бері оқу жылында Филология факультетінің ғылыми инновациялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі деканның орынбасары болып қызмет етеді.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазМУ
Жоғары
1993

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
Кандидат
15.06.2018
Қызығушылығы

Автордың құжаттары

8

Цитирования
33 по 29

құжаттар

h-индексі

2